СҚО-да синтетикалық есірткі өндірген қылмыскер 16 жылға сотталды (ВИДЕО)

Есірткіні тарату арналарын әзірлей отырып, ол немере ағаларын есірткіні таратуға тартқан. 

Солтүстік Қазақстан облысында есірткі өндіруші 16 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндірісі мен өткізуді ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарылды. Өндірістен бастап бөлшек саудаға дейінгі заңсыз есірткі бизнесінің толық циклын жолға қойған төрт петропавлдық сот алдында жауапқа тартылды.

35 жастағы қала тұрғыны Петропавл қаласында жалдамалы гаражда есірткіні синтездеуге тырысқан қылмыстық топты ұйымдастырды. Кейіннен астыртын әрекет ету мақсатында өндірісті облыс орталығынан тыс жерге көшірді.

Есірткіні тарату арналарын әзірлей отырып, ол немере ағаларын есірткіні таратуға тартқан. Бұл ретте ҰҚТ ұйымдастырушысы ешкімге сенбеген және психотроптық заттарды сатып алушылармен, оның ішінде таратушылармен тікелей байланысқа түспеген.