Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Елордада әл-Фарабиге ескерткіш орнатылды

Ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері мен саяси қайраткерлер қатысты.

Елордада әл-Фарабиге ескерткіш орнатылды
фото: ашық дереккөз

Елордада көрнекті философ, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Алып монумент ғұламаның атындағы Оқушылар сарайының алдында орнатылды деп хабарлады Paryz.kz.  

Гранит пен қоладан жасалған ескерткіштің биіктігі - 9,5 метр. Монумент авторлары — Ә.Бүркітбаев, Д. Сарбасов, К. Бегулиев, А. Тоқбаев және Д. Үсенбаев.

Ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері мен саяси қайраткерлер қатысты. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев та келді.

Әл-Фараби —метафизика, гносеология, эстетика, этика, физика, астрология, психология және музыканың теориялық негізін қалаған ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым. Оның еңбектері X ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Әл-Фараби — ортағасырлық ағарту кезеңіндегі Шығыс пен Батыстың интеллектуалды алыптарының бірі және еңбектері бүкіл әлемге тараған ойшыл, - деді Көшербаев.

Оның айтуынша, әл-Фарабидің саяси-әлеуметтік трактатында баяндалған бақытты және мейірімді адамдардың сипаттамасы Абайдың "толыққанды тұлға туралы" тұжырымдамасымен үндес.

Қазір біз жаңа ғасырдың басында жаңа сын-тегеуріндердің алдында тұрмыз. Тәуелсіз Қазақстанның жастары жаңа дүниетанымға, терең санаға, еркін рухқа ие болуы керек, - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.