Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Тоқал алу – рухани азғындық - Досхан Жолжақсынов (ВИДЕО)

Көп әйел алу туралы ойын белгілі актер Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқал алу – рухани азғындық - Досхан Жолжақсынов (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Журналист Абай Сейфулланың «Жарыңыз Қарагөз Сүлейменова тоқал алыңыз» деп айтпай ма?» деген сұрағына: 

Ондай ойдан аулақпыз. Мен бұған дұрыс қарамаймын. Бүгінгі адамның қалыптасуын, бүгінгі адамның сана-сезімін бұрынғымен салыстыруға болмайды. Ол кезең жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған кезең. Сондай кезде туындаған дүниелер бәлкім құнды. Ал бүгінгі заманда бұл – рухани азғындау. Менің одан басқа айтарым жоқ, - дейді Халық әртісі. 

"Оны өзінше дәлелдегісі келіп жүргендер де бар. Бәлкім, өзі жүрген ортаға дәлелдеп те жүрген болар. Өкінішке қарай «алма» дейтін заң жоқ қой. Бірақ мұның қайда апарып соқтырарын бір Алла біледі" ,- деп айтты Досхан Жолжақсынов.