Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Коронавирус жұқтырған 91 адамның ахуалы нашар

Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр.

Коронавирус жұқтырған 91 адамның ахуалы нашар
Фото: ihoneida.com

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 662 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы paryz.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 662 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 181 бала бар. Стационарларда 2 145 науқас жатыр. 517 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.