Заңсыз айыппұл салған 87 полицей жазаланды

Бас прокуратураның бастамасымен бұл мәселені Сауда және интеграция министрлігі өз бақылауына алатын болды.

Заңсыз айыппұл салған 87 полицей жазаланды
фото: ашық дереккөз

Бас прокуратура белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін бизнес пен қазақстандықтарға қатысты 14 мың заңсыз әкімшілік істі тоқтатты. Бұл үшін 87 полиция қызметкері мен 26 әкімдік қызметкері жазаланды деп хабарлайды Paryz.kz.

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев бұл бап бойынша жауапкершілік тек сауда үшін арнайы орындар анықталғанда ғана жүктелетінін айтты.

Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер айқындайды («Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңның 27, 31-баптары). Алайда, көптеген өңірде мұндай орындар болмаса да, тұрғындарға 12 мың теңгеден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынған, – деді ол.

Мәселен, Жезқазғанды ​​сауда орындарында аңықталмаған, соған қарамастан кәсіпкерлер жауапқа тартылған. Прокуратуралық шаралар негізінде қала аумағында 38 іс тоқтатып, сауда орындары анықталды.

Сол сияқты елiмiздiң тағы бiр өңiрiнде – Ақмола облысыны Зерендi ауданында да прокурорлар актiсi бойынша сауда орындары аңықталып (бұрын мүндай орындар болмаған), 26 заңсыз әкiмшілік айыптау қайтарылды.

Жалпы, прокуратуралық шаралар аясында 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік іс тоқтатылды. Қазірдің өзінде еліміздің барлық өңірлерінде әкімдік шешімдерімен 4126 сауда орны анықталды.

Жол берілген заң бұзушылықтар үшін Бас прокуратура 113 тұлғаны, оның ішінде 87 полиция қызметкерін және 26 әкімдік қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартты.

Бас прокуратураның бастамасымен бұл мәселені Сауда және интеграция министрлігі өз бақылауына алатын болды.