Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қарағандылық қайтыс болған ағасының орнына 5 млн теңгеге жуық жәрдемақы алған

Ол жасаған әрекеті үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Қарағандылық қайтыс болған ағасының орнына 5 млн теңгеге жуық жәрдемақы алған
фото: дереккөз

Қарағанды облысының тұрғыны қайтыс болған ағасының орнына 5 миллион теңгеге жуық жәрдемақы алған деп хабарлайды Paryz.kz, "ҚазТАГ" агенттігіне сілтеме жасап. 

Е. Қасенов ағасы М. Қасенов қайтыс болған соң, "Азаматтарға арналған үкімет" ақпараттық жүйесіне қайтыс болу актісін әкелмеген. Соның арқасында заңсыз түрде 4,7 млн теңге көлемінде жәрдемақы алған, – деп хабарланды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. 

Марқұм Қасенов 2-топ мүгедегі болғандықтан, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алып келген. Ал оның інісі жасаған әрекеті үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.