Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Алматы автобустарында жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

Біржақты өсім болмайды. 

Алматы автобустарында жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін
фото: ашық дереккөз

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы брифингте қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Оның айтуынша, бүгінде Алматыда 151 қалалық бағыт бар. Оның тең жартысына «Алматыэлектротранс» коммуналдық көлік паркі қызмет көрсетеді. Маршруттардың қалған бөлігі 20 жеке компанияға берілді.

Біз ертең тарифті көтереміз деп отырған жоқпыз. Біз мәселенің өзін айтып отырмыз. Тарифті көтеру керек. Қазір бұл 80 теңге тұрады. Өте шұғыл, өйткені маған тасымалдаушылар бірінші сұрақты "тарифті қашан көтереміз" деп қояды. Сондықтан тарифті көтеру міндет емес, біз қарастыратын қажеттілік. Жағдайға байланысты келесі көктемде бұл мәселеге қоғамдық талқылаулардан кейін келеміз деп ойлаймын. Біржақты өсім болмайды, – деді Құсайынов.