Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Үкімет құлау үшін тағы қанша ана мен бала тоғызыншы қабаттан құлауы керек? - заңгер

Сондай-ақ ол елімізде балалардың құқығынан гөрі ит-мысықтардың құқығы көп қорғалатынына налыды.

Үкімет құлау үшін тағы қанша ана мен бала тоғызыншы қабаттан құлауы керек? - заңгер
фото: ашық дереккөз

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек 9-қабаттан секірген үш баланың тағдырын баяндай келе, елдегі бала құқығы жайлы сөз қозғады. Баланың өмірін құртуға ешкімнің қақысы жоқ деген ол, елімізде олардың құқығын ешкім қорғамайтынына наразылығын білдірді деп жазады Paryz.kz

Мамин басқарған Үкімет құлау үшін, тағы қанша ана мен бала тоғызыншы этаждан құлау керек? Баланың өмір сүруге құқығы бар! Баланы жасап өмірге әкелесіңдер ме, өлтіруге құқыларың жоқ! Баланы ойланып дүниеге әкелетін уақыт келді, бағып қаға алмайсыңдар ма? Баланы дүниеге әкелмеңдер! Бұл жемқорлық жайлаған Үкіметке сенбеңдер! Сенің балаңа тамақ берсе, өздері аш қалады! Сол үшін Үкіметке сенбеңдер бала жасар кезде! Одан да біздің үкімет миллиондаған қаржыға спектакль, наурыз той, думан фест, қыртымбай-шыртымбай өткізгенді дұрыс көреді! Тоғызыншы этаждан ана мен бала шарасыздықтан, тығырықтан шыға алмай өздерін тастап жатыр! – деп жазды қоғам белсендісі.

Сондай-ақ ол елімізде балалардың құқығынан гөрі ит-мысықтардың құқығы көп қорғалатынына налыды. Ал тоғызыншы қабаттан секірген ана мен балалар шарасыздықтан осындай қадамға барғанын айтты. 

ООН-ға ит-мысықтардың құқығын қорғағау үшін кірдік пе? Қайда біздің миллиардтап қаржы бөлініп жатқан кризистік орталықтар? Ана мен бала үшін деп айқайлап өткізіліп жатқан форумдардың нәтижесі қайда? Осы ма нәтижесі? Тоғызыншы этаждан есі кіріп қалған алты жасар қыз құлап келе жатқанда не ойлады екен деп түнімен ойлап ұйықтай алмай шықтым! Біздің елде биыл балалардан гөрі ит пен мысықтардың құқығы жақсы қорғалды! Біздің үкімет ақшаны жейтін реформаны тез жасайды, ақша жей алмайтын реформалар жылдан-жылға қала береді емес пе? – дейді заңгер.