Карантиге қарамай той өткізген Қуандық Рахым жазаға тартылатын болды

Салтанатты шараға әнші мен оның қалыңдығының жақындары ғана емес, әріптестері де келген.

Карантиге қарамай той өткізген Қуандық Рахым жазаға тартылатын болды
Фото: instagram.com/zhannaabu

Жезқазғанда карантинге қарамастан, демалыс күндері той өтіп, онда қазақстандық эстрада жұлдыздары келген, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде 19 қазанда Жезқазғанда қазақстандық әншінің үйлену тойы туралы мәлімет тарады. Салтанатты шараға әнші мен қалыңдығының жақындары ғана емес, әріптестері де келген. Олардың қатарында Төреғали Төреәлі, Дидар Қамиев, Нұрболат Абдуллин және басқалары бар. 

"Жезқазған қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 19 қазанда "Ұлытау" мейрамханасында жүзге жуық адам қатысқан үйлену тойы өткенін хабарлайды. Материал Жезқазған қаласы полиция басқармасының есеп кітапшасына тіркелген. Жеке кәсіпкерік иесі мен іс-шараның иесі жауапкершілікке тартылады", - деді Қарағанды облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айгүл Шатекова.