Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Бұл сіздерге Ресей Думасы емес!": Депутат Денсаулық сақтау вице-министрін сынға алды

"Осы жерде баяндама жасаған, сөйлеген 15-20 шақты адам түгелімен Nur Otan партиясының мүшесі. Бәрі Ресей тілінде сөйлеп отыр. Ойланатын уақыт болды, 30 жыл болды..."

"Бұл сіздерге Ресей Думасы емес!": Депутат Денсаулық сақтау вице-министрін сынға алды
фото: ашық дереккөз

Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ Жол" партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Иса Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовты мемлекеттік тілді білмегені үшін сынның астына алды деп хабарлайды Paryz.kz.

Сіздер Парламентке келе жатқанда ойламайсыздар ма, адреске қарамайсыздар ма, Парламент қай елдің Парламенті деп? Жайбарақат, Ресейдің Думасына келе жатқандай келесіздер! Бұл - Қазақстан Парламенті! Ерлан Аңсағанұлы, сіз Nur Otan партиясының мүшесіз ғой? Ендеше  Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Парламент пен Үкімет тек мемлекеттік тілде сөйлесін" деген тапсырмасын білесіз, неге орындамайсыз? Осы жерде баяндама жасаған, сөйлеген 15-20 шақты адам түгелімен Nur Otan партиясының мүшесі. Бәрі Ресей тілінде сөйлеп отыр. Ойланатын уақыт болды, 30 жыл болды. Мысалы, мен бұл талапты өзге ұлттың өкілдеріне айтып отырған жоқпын, "неге мемлекеттік тілде сөйлемейсіңдер?" деп.  Бұлай айту негізі парызымыз, міндетіміз болса да, 30 жыл болды, бірақ оларға айтып отырған жоқпыз. Сізге айтып отырмын. Осымен екінші рет келіп тұрсыз және менің қазақша сұрағыма жауап бермедіңіз... - деді депутат.