Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Коллекторлар қызметін реттеу қатаңдатылып жатыр

Олардың арасында Бас прокуратураның коллекторлық агенттік қызметкерлерін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысы да бар. 

Коллекторлар қызметін реттеу қатаңдатылып жатыр
фото: ашық дереккөз

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлардың қызметін реттеуді қатаңдатуды көздеп отыр деп хабарлайды Paryz.kz.

"Агенттік азаматтарды коллекторлық ұйымдардың заңсыз әрекетінен қорғау үшін коллекторлар қызметін реттеуді қатаңдату бойынша қосымша шараларды пысықтап жатыр", - деді агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков Үкімет отырысында.

Олардың арасында Бас прокуратураның коллекторлық агенттік қызметкерлерін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысы да бар.

Смоляков қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту үшін биыл мамырда банк, микроқаржы және коллектор қызметін реттейтін заң қабылданғанын еске салды. Онда банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілген.

Банктерге барлық ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеу мерзімі 180 күнге кешіріктірілгеннен кейін сыйақы, айыпақы (айыппұл, өсімпұл), комиссиялар және басқа төлемдерді есептеуге тыйым салынды.

Сондай-ақ банктердің ипотекалық қарыздар бойынша берешектің қалған сомасын кешіруге негіз кеңейтілді және коллекторлар үшін қосымша шектеулер енгізілді.