Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақтөбе полициясы оқушы қыздардың төбелесіне қатысты істі қысқартты

Олардың кім екені анықталған. Бәрі - 8-9 сынып оқушылары.

Ақтөбе полициясы оқушы қыздардың төбелесіне қатысты істі қысқартты
Фото: inform.kz

Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Шұбарши ауылындағы мектеп оқушыларының төбелесіне қатысты қозғалған қылмыстық іс қысқартылды, деп хабарлады paryz.kz.

Естеріңізге сала кетейік, аталған ауылда мектеп оқушылары төбелескен болатын. Олардың кім екені анықталған. Бәрі - 8-9 сынып оқушылары. Араларында жанжал болып, бірі оны телефон камерасына түсіріп алған.

Осы оқиғадан соң облыстық ПД баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі, яғни бұзақылық дерегі бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін хабарлаған болатын.

Арада 1 ай өткенде полиция шешім шығарды. "Қылмыстық іс қысқартылды", - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.