Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Баласын 1 млн теңгеге сатқан шымкенттік келіншек сотталды

27 жастағы ана мұндай қадамға жоқшылықтан барған.

Баласын 1 млн теңгеге сатқан шымкенттік келіншек сотталды
Фото: motionarray.com

Шымкент полицейлері кәмелетке толмаған баланы сату фактісінің жолын кесті, көкек ана алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлеріне жас ананың кәмелетке толмаған баласын сатуға қатысты ұсыныс жасағаны туралы жедел ақпарат келіп түскен. 2020 жылдың 11 қаңтарында жедел шаралардың нәтижесінде бір жастағы баласын 1 млн теңге сомасындағы ақшаға бағалап, сату кезінде 1993 жылы туған азаматша ұсталды", - делінген хабарламада.

Ол мұндай қадамға ақша тапшылығынан барғанын жеткізді және баланы сатып алушыдан алған ақша алынды.

Шымкент қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының 2020 жылдың 27 қыркүйегіндегі үкімімен аталған азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігінің 12-тармағы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.