Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Қызылжар ауданында алғаш рет әкім сыйлығына жас ақындар айтысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында өзара сөз бен ой, өлең мен өре салыстырған аламан айтыс өтті. Жиналған суырып салма ақындар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырылған «Тәуелсіздік тірегім» атты жас ақындар жыр бәйгесінің көркін қыздырды.

Қызылжар ауданында алғаш рет әкім сыйлығына жас ақындар айтысы өтті

Шараны Қызылжар ауданы әкімдігінің қолдауымен Қызылжар ауданы ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Айтыс – ұлттық болмысты ұлықтайтын ұлы өнер. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын, жыр додасына 18-29 жас аралығындағы 6 сөз шебері қатысты. Қатысушылар жұртшылыққа кестелі жыр, сүбелі сөз сайысын паш етті. 

Қатысушылар қатарында сахнаға үйренген тәжірибелі жас ақындар мен бұл өнерге енді аяқ басып келе жатқан жаңа есімдер де болды. 

Қорытынды бойынша, әділ қазылар шешімімен, 3 орынға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 4 курс студенті Дәулет Құрмаш, 2 орынға М.Жұмабаев атындағы жоғарғы колледждің 2 курс студенті Ақтілек Қайыпқан және 1 орынға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2 курс студенті, Бескөл ауылының тумасы Диас Аяғат иеленді.

1 – орынға ие болған жеңімпазды Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Алма Амангелдіқызы арнайы құттықтап, 100 мың теңгеге сертификат табыс етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыстың мақсаты − айтыс өнерінің дамуына жергілікті деңгейде қолдау көр­сету. Тәуелсіздік таңы атқалы қол  жеткізген табыс пен жүзеге асырылып жатқан жасампаз жобаларды дәріптеу.