Ветеринарлардың айтуынша, аурудың таралуына жол берілген жоқ.
Шығыс Қазақстан облысында ауылдық округтердің бірінде құс тұмауы шықты. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, деп хабарлады YK-news.kz.
"Бесқарағай ауданында құс тұмауы анықталды. Ауылдық округ бірден карантинге жабылды. Вакцинация жасалды, жағдай тұрақты. Құс қырылуына жол берілген жоқ", - деді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасында.
Бұған дейін Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов құс тұмауының таралуы бір ай ішінде тоқтайтынын хабарлаған болатын.