Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Павлодар облысының әкімдігі жәрмеңкедегі шіріген картоп үшін кешірім сұрады

"Маған дейін бұл картопты сатып салған ата-әжелердің жағдайын ойлап, өзімді жайсыз сезіндім. Өте өкінішті", - дейді тұрғын.

Павлодар облысының әкімдігі жәрмеңкедегі шіріген картоп үшін кешірім сұрады
фото: дереккөз

Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және сауда басқармалары шіріген картоп үшін кешірім сұрады, деп хабарлады paryz.kz, Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетсек, Павлодар қаласында тұратын әйел Instagram-дағы @zhaloby_pavlodar парақшасына өткен сенбідегі жәрмеңкеде 6 қап шіріген картоп сатып алғанын жазған болатын.

"Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 6 қап картоп сатып алдым. Үйге келген соң алған картобымның шірік екенін көріп, жағамды ұстадым. Маған дейін бұл картопты сатып салған ата-әжелердің жағдайын ойлап, өзімді жайсыз сезіндім. Өте өкінішті", - дейді тұрғын.

Павлодар облысының әкімдігіне қарасты ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және сауда басқармасы бұл дерекке қатысты тексеріс жүргізілгенін атап өтті. Мамандардың мәліметінше, жәрмеңкеде тек жергілікті фермерлер ғана емес, Ақсу мен Павлодардың жеке кәсіпкерлері де өз өнімдерін сатқан.

"Бұл оқиғада Ақсу кәсіпкерінің кінәлі екені анықталды. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерін сатып алған тұрғындардан кешірім сұраймыз. Кәсіпкер сапасыз картопты жәрмеңкеде сатып алынған көлемде ауыстыруға дайын", - дейді басқарма қызметкерлері.