Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қазақстан түрмелерінде 30 мыңдай адам отыр

Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 100-ші орынға жайғасқан.

Қазақстан түрмелерінде 30 мыңдай адам отыр
m.sputnik.kz

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов дүйсенбі сайын өтетін Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде айтты.

"Қылмыстық саясатты гумнизациялау нәтижесінде, 9 жыл ішінде түрме халқы екі есеге, 57 мыңнан 30 мыңға дейін төмендеді. Әлемдік рейтингте Қазақстан 100-орында тұр. Ал 18 жыл бұрын Қазақстан АҚШ пен Ресейден кейін үздік үштік қатарында болған. Қазақстанда 82 ұйым, 30 мың адам бар. 66 колонияда 25 мыңға жуық қылмыскер, 16 тергеу изоляторында 5 мыңнан астам адам бар", - деді ол. 

Ешмағанбетов атап өткендей, карантин кезеңінде түрмедегілер туған-туыстарымен телефон арқылы сөйлесті. 

"Бұл жаңашылдықты  олар қолдады. Төтенше жағдай кезінде 33 мыңнан астам видео арқылы сөйлесу жүзеге асырылды", - деді ол. 

Комитет төрағасы атап өткендей, әрбір адам бостандыққа әлеуметтік бейімделген болып шығуы аса маңызды. 

"Оның қайта қылмыс жасауға себебі болмауы керек. Оларға тұрмыстық, құқықтық және медициналық, психологиялық көмек көрсетіледі. Азаматтарды жазасын өтеу кезінде бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, орта және кәсіби білім беру бойынша жағдай жасалған. Түзету мекемелерінде 54 мектеп бар, онда жыл сайын 2 мыңға жуық адам білім алып шығады", - деді Ешмағамбетов. 

Жанат Ешмағамбетов жазасын өтеушілерді түзеудегі бірден-бір құрал – оларды жұмыспен қамту екенін атап өтті. Қазір еңбекке қабілетті 14 мың адам бар, соның 11 мыңы колонияларда еңбек етіп жатыр.

"Мекемелердегі адамдарды жұмыспен қамтуда "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорынымен қатар, 230 шағын және орта бизнес өкілдері де қызмет етеді. Олардың өзі 4 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сотталғандар кәсіпорындарда құрылыс материалдарын, ағаш, темір және пластик өнімдерін, сондай-ақ, ет, сүт, нан және түрлі кондитерлік өнімдерді жасаумен айналысады. Бостандыққа шыққанда оларға қоғамға бейімделіп, жаңа өмір сүру оңайырақ болады", - деді ведомство төрағасы.