Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Маңғыстауда ит таластырғандарды полиция іздеп жатыр (ВИДЕО)

Еріктілер хайуандарға қатігездік танытқан төбелес ұйымдастырушыларын ғана емес, оның көрермендерін де жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Маңғыстауда ит таластырғандарды полиция іздеп жатыр (ВИДЕО)
Фото: m.azh.kz

Әлеуметтік желіде ит таластырып жатқан адамдардың видеосы пайда болды. Ролик Маңғыстау полицейлерінің назарына ілігіп, олар бейнежазбаны зерттеп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, InAktau.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жайтты құзырлы орган өкілдері кеше әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықтаған. Қазіргі уақытта Полиция департаменті ит талас өткізілген жер мен оның ұйымдастырушысын іздеп жатыр. Тексерістің нәтижесі қосымша хабарланатыны айтылды.

Ал еріктілер хайуандарға қатігездік танытқан төбелес ұйымдастырушыларын ғана емес, оның көрермендерін де жауапқа тартуды талап етіп отыр. Олар Маңғыстауда жаппай іс-шара өткізуге тыйым салынғанын ескертті. Бейнежазбадан 50-ден астам адамның жиналып, әлеуметтік қашықтық пен маска режимінің сақталмағанын көруге болады.

Одан бөлек, роликте "қатігездік сахнасын" көруге кішкентай балалардың да келгені байқалады.