Осы кезден бастап аудан халқынан маза кеткен.
Алматы облысы Талғар қаласының тұрғындары қазақ мектебін аралас мектеп етіп жатқан шенеуніктердің әрекетіне күйініп, осындай талап қойды деп хабарлайды Paryz.kz.
"Салынып жатқанда қазақ мектебі болады" деген нысан кейіннен аралас білім ордасы болатыны айтылыпты. Осы кезден бастап аудан халқынан маза кеткен.
Жұртшылық шағымына аудан атқамінерлері құлақ аспағандықтан Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Мәжіліс депутаттарынан көмек сұрап жатыр.