Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Алматыда жастарға баспана алып беремін дейтін алаяқтар көбейіп кеткен

Бағдарламаға кез келген мамандық иесі қатысуға құқылы.

Алматыда жастарға баспана алып беремін дейтін алаяқтар көбейіп кеткен
фото: ашық дереккөз

Алматыда жастарды жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы басталысымен, "құжатыңды өткізіп беремін" деп уәдені үйіп-төгетін делдалдар көбейіпті. Ал өтінім беру тек қана электронды түрде жүретінін айтқан әкімдік өкілдері ешкімге алданып қалмауды ескертеді деп хабарлайды Paryz.kzКТК телеарнасына сілтеме жасап.

Құжаттарды тапсыру бойынша белгісіз тұлғалардың ақша бопсалап, алаяқтық фактілер туралы ақпарат келіп түсіп жатыр. Сол себептен сіздерге екертеміз, барлығынан абай болыңыздар. Барлығы электронды түрде. Өтініш almaty-jastary.info сайтында қабылданады, – дейді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Ермек Әміров.

Бүгін кезекті кезеңі басталған бағдарламаға 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар қатысады. Талапқа сай өтінім беруші кемінде екі жыл Алматыда тіркеуде тұрып, соңғы екі жылда ел аумағында оның атында үй болмауы тиіс.

Бағдарламаға кез келген мамандық иесі қатысуға құқылы. Жалға берілетін баспанаға отбасылы жастар да құжат тапсыра алады. Тек ай сайынғы жалақы соңғы жарты жылда 116 мың теңгеден аз болмауы шарт. Ал баспана бес жылға сатып алу құқығынсыз беріледі. Айына бар-жоғы 9 немесе 10 мың теңге аралығында төлейсіз.

Демек, осы уақыт ішінде жеке тұрғын үй сатып алуға немесе бастапқы жарна жинақтауға мүмкіндік туады.