Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанда кибербуллинг пен суицидтің алдын алу жұмыстарын басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі кибербуллинг пен суицидтің алдын алу жұмыстарын бастады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Қазақстанда кибербуллинг пен суицидтің алдын алу жұмыстарын басталды
сурет informburo.kz сайтынан

«Бала құқықтарын қорғау қашанда Мемлекет басшысының басты назарында. Бұған дейінгі Жолдауда да үлкен маңызды мәселелер көтеріп, шешімін тапқан болатын. Қазір де Президент ерекше көңіл бөліп отыр. Соның ішінде Бала құқықтары туралы конвенцияның 3-ші факультативті хаттамасына қосылу өте маңызды және кибербуллинг пен суицидтің алдын алу бойынша тиісті жұмысты бастап жатырмыз»,- деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, мемлекет үшін балаларды қосымша біліммен қамту   маңызды болып отыр.

«Оқушыларды бұқаралық спортпен қамту да өте маңызды. Спорт зал салу, лигалар, ұлттық спорт түрлерін дамыту жұмыстарын жүргіземіз», - деді ол.