Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақтөбеде табысы азайған халыққа қолжетімді жәрмеңке ұйымдастырылды

Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы облыстағы кез келген сауда орталықтарында сатылатын бағадан 10-15 пайызға төмен.

Ақтөбеде табысы азайған халыққа қолжетімді жәрмеңке ұйымдастырылды
фото: дереккөз

"Halyq Sayda" шағын көтерме сауда орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының Байғанин ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады paryz.kz.

"АҚТӨБЕ" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тікелей қолдауымен жүзеге асырылған бұл әлеуметтік жоба облыс өңірлерінде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы облыстағы кез келген сауда орталықтарында сатылатын бағадан 10-15 пайызға төмен.

Жәрмеңкеде "СХФ Пригородный" шаруа қожалығының картоп, пияз, қырыққабат және сәбіз өнімдері келісі 85 теңгеден сатылды. Ал қара базарда бұлардың құны 100 теңгеден басталады.

Аталған игі бастаманың маңыздылығы – пандемияға байланысты карантин уақытында табысы азайған қарапайым тұрғындарды қолжетімді бағадағы тауарлармен қамтамасыз ету.

Жәрмеңке ашық аспан астында, эпидемияға қарсы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, бетперде тағу режимінде өтті.