Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Елордада террористік шабуылға қарсы тұра алмайтын ғимараттар көп

Әртүрлі санаттағы 7 нысанның иелері ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Елордада террористік шабуылға қарсы тұра алмайтын ғимараттар көп
фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жалпы, жыл басынан бері 130-ға жуық нысан тексеріліп, кемшіліктерді жою үшін 40-тан астам ұйғарым енгізілген. Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамайтын әртүрлі санаттағы 7 нысанның иелері ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай талаптарға заманауи күзет жабдықтарымен жабдықтау, өткізу режимін қамтамасыз ету, күзет фирмаларының қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізу жатады.

Сондай-ақ, қызметкерлер бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілген нысандарды қайта тексеріп жүр. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан полицейлері тұрақты негізде ТТО нысан басшыларымен оқу-дәріс іс-шараларын өткізеді және террористік қауіп туындаған жағдайда олардың іс-әрекеті бойынша жадынамалар табыс етілді.