Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматыда 80 адамға арналған үйлену тойының қонақтары таратылды

Жалпы, 8-16 қазан аралығында мониторингтік топтардың жұмысы 1300-ден астам нысанды қамтыды. Оның 314-інде заң бұзушылықтар анықталды.

Алматыда 80 адамға арналған үйлену тойының қонақтары таратылды
фото: baq.kz

Алматының мониторингтік топтары демалыс күндері бірқатар көпшілік іс-шараның өткізілуін тоқтатты, деп хабарлады paryz.kz, baq.kz-ке сілтеме жасап.

Құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының, кәсіпкерлер палатасының мамандары кіретін 26 мониторингтік топ күнделікті тексеру іс-шараларын жүргізуде.

Кеше сағат 20.51-де Медеу ауданының мониторингтік тобы "Қазақстан" қонақ үйінің "Ball room" залында (жертөле қабаты) үйлену тойын анықтап, жолын кесті. Оған 80-ге жуық адам жиналған. Барлығы ғимараттан шығарылып, тиісті шаралар қабылданды. Іс-шара қонақтарына Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулы нормалары жеткізілді.

Сонымен қатар, Әуезов ауданында сағат 17:05-те мобильді топ Інжу - Ақсай 3, 14а мейрамханасында көпшіліктің қатысуымен өтіп жатқан құдалықтарды анықтады. Ол шаралар бірінші қабатта 40 адамға, екінші қабатта 50 адамға өткізілген. Сағат 17:45-те рейдтің мобильді тобы Шамғон Қажығалиев, 15 мекен жайы бойынша орналасқан "Аделлина" мейрамханасында 50 адамға арналған құдалықты анықтады. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

Жалпы, 8-16 қазан аралығында мониторингтік топтардың жұмысы 1300-ден астам нысанды қамтыды. Оның 314-інде заң бұзушылықтар анықталды. Алматы қаласы БМСД 15.08.2020 ж. №56 қаулысының бұзылуының арасында жұмысына уақытша тыйым салынған кәсіпкерлік объектілерінің қызметі (түнгі клубтар, караоке, букмекер кеңселері, компьютерлік клубтар, бильярд клубтары), сондай-ақ, адамдар көп жиналатын салтанатты, отбасылық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, банкеттер) өткізу бар.

Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуына байланысты жеке тұлғаларға қатысты 35 әкімшілік хаттама толтырылды.