Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Түркістан облысында пошта қызметкерлері 35 миллион теңгені жымқырған

Қомақты қаржыны өзара бөлісіп алған.

Түркістан облысында пошта қызметкерлері 35 миллион теңгені жымқырған
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында 35 миллион теңгені қалтасына басқан пошта қызметкері ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz.

Ол қомақты қаражатты өзі жұмыс істейтін мекемеден 2 сыбайласымен бірге ұрлаған.

Полиция департаментінің мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне пошта қызметкері арызданған. Мекемеге тиесілі 35 миллион теңгеге жуық ақшаны белгісіз адамдардың қолды еткеніне шағымданған.

Полицейлер фактіні ҚК-нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркеді.

Мұқият іздестіру нәтижесінде күдікті ретінде пошта қызметкері ұсталды. Ол – Сарыағаш ауданының тұрғыны.

Тексеру барысында ұсталған күдіктінің ақша ұрлауға көмектескен 2 сыбайласы да анықталды. Бірі – жергілікті тұрғын, екіншісі – Семей тұрғыны.

Үшеуі өзара келісіп, поштаға жиналған 35 000 000 теңгені өзге есепшотқа аударып жіберген. Қомақты қаржыны өзара бөлісіп алған. Ұсталған үшеуі де қамауға алынды.