Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Телефон арқылы ақша аударғанда нөмірден жаңылысудың қаупі зор

Алаяқтар кейін нөмірге бекітілген банк шотының реквизитін де өзгертіп алады. Осылайша, сіз жіберген ақша мүлде басқа адамның шотына түседі.

Телефон арқылы ақша аударғанда нөмірден жаңылысудың қаупі зор
фото: inform.kz

Телефон арқылы ақша аударған кезде нөмірді қате теріп қойсаңыз, ақшаны қайтару оңай болмайды. Бұл үшін банк қызметкерлерінің, тіпті, құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге тура келеді. Ал сіз ақша жіберген телефон нөмірі тіркелген банк банкрот болса, қаражатты қайтара алмауыңыз әбден мүмкін, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Заңгерлік компанияның бас директоры Алексей Петропольскийдің айтуынша, қателескен адам банкке хат жазуы тиіс. Ал банк бұл мәліметті ақша аударылған есепшот иесіне жолдайды.

"Егер адам ақшаны қайтарудан бас тартса, құқық қорғау органдарына немесе сотқа жүгіну керек", - дейді ол.

Бұдан бөлек, алаяқтардың бар екенін де ұмытпаған жөн. Өйткені, телефон нөмірін бір адамнан екінші адамға ауыстыруға болады. Кейін нөмірге бекітілген банк шотының реквизитін де өзгертіп алады. Осылайша, сіз жіберген ақша мүлде басқа адамның шотына түседі. Мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалмай, мәселе шешілмейді.