Ол енді тек құстарды ғана емес, қоян да асырап отыр.
Ақтауда ер адам алты баласын асырау үшін он қабатты үйдің шатырында тауық қора салған деп хабарлайды Paryz.kz, "Ладаға" сілтеме жасап.
Тауық қора салу идеясы Русланға бір ай бұрын ойына келген. Оның себебі – азық-түліктің қымбаттауы болды. 12-ықшам ауданда орналасқан үйдің шатырының кілтін оған Пәтер иелерінің кооперативі берген. Ол енді тек құстарды ғана емес, қоян да асырап отыр.
Төбеде қоқыс, қажетсіз заттар жатты. Бәрін реттедім, еден құйып, бұл жерді жылыттым, – деді ол.
Бастапқыда кейбір тұрғындар тамақ қалдықтарын әкеліп көмектескен. Алайда 10 қараша, сәрсенбіде ер адамға полиция келді. Көршілері түнгі уақыттағы дыбыстарға, жағымсыз иіске шағымданған.
Полиция ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы ("ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу") және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы ("Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ қала мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру") бойынша әкімшілік хаттама толтырды.