Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Түркістан облысында шаруалар 380 миллион теңге заңсыз субсидия алған (ВИДЕО)

Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

Түркістан облысында шаруалар 380 миллион теңге заңсыз субсидия алған (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Түркістан облысында шаруалар 380 миллион теңге заңсыз субсидия алған. Шаруа қожалықтарының басшылары "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтініш берген кезде жалған мәліметтер толтырған деп хабарлайды Paryz.kz, Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары Ресейден ірі қара мал сатып алу үшін ақша алған. Бірақ көрсетілген сандағы мал басын сатып алмаған. Субсидия алу үшін шаруа қожалықтарының басшылары жалған құжаттарды көрсеткен.

Алаяқтық жасады деп жалпы шаруа қожалығының 8 басшысы айыпталды. Түркістан облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті субсидияны заңсыз алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Заңсыз төленген субсидиялардың жалпы сомасы 380 миллион теңгеден асты, ал несиенің жалпы мөлшері 1 миллиард теңгеден асып жығылады.

Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінген.