Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Еліміздің ата-аналары дабыл қақты: Оқушылардың оқу үлгерімі төмендеп кеткен

Бұл ретте оқушылар 1-тоқсанда өткен материалды қайталағанын айта кеткен жөн.

Еліміздің ата-аналары дабыл қақты: Оқушылардың оқу үлгерімі төмендеп кеткен
фото: видеодан скриншот

Білім министрлігі оқушылардың бірінші тоқсандағы үлгерімі бойынша қорытынды шығарды. Ата-аналар балаларының білім деңгейі екі есе төмендеді деп санайды. Әсіресе нақты ғылымдар бағытында. Өйткені балаларға материалды қашықтан меңгеру қиын болды деп хабарлайды Paryz.kz, 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Екатерина Плугинаның екі қызы бар және қашықтан оқыту олардың оқу үлгеріміне кері әсер еткен. Тарих, география және биология пәндеріен азды-көпті жақсы болса, нақты ғылымдар бойынша үлгерімдері төмен.

Бізде үш қана емес, екі деген баға пайда болды. Өйткені ол үй тапсырмасын қалай орындауды да білмейді, – деді екі оқушының анасы Екатерина Плугина.

Дегенмен министрлік үлкен проблема көріп отырған жоқ. Керісінше, олар өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда білім сапасының 1,8%-ға артқанын анықтады. Бірақ пандемияға дейін деңгейден 2,7 пайызға төмендеген. Бұл ретте оқушылар 1-тоқсанда өткен материалды қайталағанын айта кеткен жөн.

2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда білім сапасының төмендеуі - бұл 5-6 сыныптардағы математика пәні. Яғни оқушыларды бастауыш мектептен жоғары мектепке ауыстырудағы қиындықтар. 7-сыныптағы алгебра, химия пәндері, – деді БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова.

Репетиторлық қызметке сұраныс артты. Тіпті тарих, биология пәндерінің мұғалімдері де сұранысқа ие болды. Курстарда да жетекшілер оқушылардың, әсіресе, 7-сынып оқушыларының білімдерінің күрт төмендегенін байқады.

Мұғалімдердің жалақысы көтерілді, жұмысшыларымыз мектептерге шашырап кетпеу үшін, қызметіміздің бағасын көтеруге тура келді, – деді "Полиглот" білім беру орталығының жетекшісі Юлия Ротман.

Ағылшын немесе математика пәндері бойынша топтық сабақтар сағатына 2 мың теңге, жеке сабақтар 2,5 мыңнан жоғары тұрады. Білім министрлігі балалар жазғы мектептерде де, артта қалған оқушыларға арналған қосымша сабақтарда да қиындықтарды оңай шеше алады деп есептейді.