Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ақтауда әскерден оралған сарбаз ата-анасын танымай қалған (ВИДЕО)

Депутаттар небәрі 19 жастағы жігітті ауыр жағдайға түсірген адамдар жауапқа тартылу керек дейді.

Ақтауда әскерден оралған сарбаз ата-анасын танымай қалған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ақтаудағы 25/744 әскери бөліміне отан алдындағы борышын өтеуге барып, ата-анасын танымайтын халде оралған Ринат Жеткергеновтің денсаулығы сенаторларды да алаңдатып отыр деп хабарлайды Paryz.kz, 31-телеарнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар небәрі 19 жастағы жігітті ауыр жағдайға түсірген адамдар жауапқа тартылу керек дейді.

Еске салсақ, телеарна жаңалықтарында Қызылорда облысы Арал ауданынан Ақтауға әскерге барған Ринат Жеткергенов туралы сюжет көрсетілген еді. Ұлдарының ақыл-есі адасқанын айтқан ата-анасы бұған әскери шенділерді кінәлаған болатын.

Командирлер, басшылардың бәрі қарау керек қой балаларды, кім оған кінәлі, сол кінәлі адам бұл жерде мойнымен жауап беру керек. Басқалай болмайды. Бізде тәртіп болуы керек бұл жерде, - дейді сенатор Ақылбек Күрішбаев.

Депутаттың бұл пікірін оның әріптесі Мұрат Бақтиярұлы да қолдайды. 

Ол үшін тергеу органдары қарау керек, тексеру керек. Егер шын мәнінде дәлелденіп жататын болса, онда жазықты азаматтар жазалануы тиіс, - дейді ол.