Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Петропавлда көмірге кезек жарты шақырымға созылған

Көмірге қатысты қиындықтар бір айдан аса жүріп келе жатыр.

Петропавлда көмірге кезек жарты шақырымға созылған
фото: Ratel.kz

Солтүстіктегі қалалар көмірсіз қалды. Ең танымал сорт – "Шұбаркөл" үшін пайда болған кезек рекордтарды бұзды. Петропавлда жүк көліктер тізбегі жарты шақырымға созылған. Жүргізушілер бір күн бұрын кезекке тұрып жатыр. Адамдар шенеуніктерден мәселеге араласуды сұрайды. Олар көмір бермесе де, оған кезекке тұруды бақылауға алуды талап етеді деп хабарлайды Paryz.kzКТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Якорь ауылының тұрғыны Ирина Акулова көмір сатып алу үшін бір ай күткен. Ол хабарландырулар бойынша қоңырау шалып, ұзын-сонар кезекке тұруға тура келді дейді.

Кезекте 118-орында тұрдық, әйтеуір кезегіміз келді. Отбасында менің кішкентай балам бар. Қазірдің өзінде көп отынды қолданып қойдық.  Ауылда көмірге тапсырыс берген адамдар өте көп. Олар әлі кезекте тұр. Хабарласып, көмірге тапсырыс жасағанда екі айдан кейін дейді, көбі көмірсіз отыр, – дейді ол.

“Шұбаркөл” көміріне Солтүстік Қазақстанның барлық ауданынан келіп жатыр. Ұзын-сонар кезекке кәсіпорын жүргізушілері тұр. Көмірге қатысты қиындықтар бір айдан аса жүріп келе жатыр. Адамдар көмірдің өзін емес, тек оған қатысты проблеманы реттеуді сұрайды. 

Аудандардан үлкен КамАЗ-дар келеді, әкімдік бір күнді белгілесе, КамАЗ-дар салып алып кетсе. Осындай дүрбелең болмайтын еді. Әйтпесе таңғы 6-да келдік, мынау жындыхана сияқты. Олар осында түнейді, – дейді жүргізушінің бірі.

Шенеуніктер көмектесуге уәде беріп отыр. Дефициттегі “Шұбаркөл” көмірі ертең жеткізіледі дейді. 

Вагондарға қатысты кідіріс болды, бірақ бұл мәселе шешілуде, ол ҚТЖ-мен шешілді, енді вагондар жүреді, көмір болады. Ертең 10 вагон қойылса, дүйсенбіде 10 вагон Шұбаркөлге барады. Біз көмір жеткізушілермен келіссөздер жүргіземіз, мүмкіндігінше халыққа көмектесеміз”, – дейді СҚО әкімдігінің ТКШ басқармасының бас маманы Айболат Әубәкіров.