16.10.2020, 18:29

"Дипломмен - ауылға" бағдарламасы бойынша пара алған маман сотталды

Фото: qaa.kz

Ол тұрғын үй сатып алуға ақша қаражатын бөлу туралы оң қорытынды шығарғаны үшін жергілікті тұрғыннан 350 мың теңге көлемінде пара алған.

Түркістан облысында Сарыағаш ауданы қаржы бөлімінің бас маманы жергілікті тұрғыннан 350 мың теңге көлемінде пара алған. Бұл туралы онлайн брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Түркістан облысында Сарыағаш ауданы қаржы бөлімінің бас маманы Қараманов сотталды. Ол "Дипломмен - ауылға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға ақша қаражатын бөлу туралы оң қорытынды шығарғаны үшін жергілікті тұрғыннан 350 мың теңге көлемінде пара алды", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов.