Бұл 1,5 мың орынға есептелген заманауи типтегі колониялар болады.
Қазақстанда төрт колония салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты деп хабарлайды Paryz.kz.
Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа колониялар салу бойынша үлкен жоба дайындап жатырмыз. Үш жыл ішінде үш облыста төрт колония салу жоспарда бар, - деді ІІМ басшысы.
Оның айтуынша, бұл 1,5 мың орынға есептелген заманауи типтегі колониялар болады.
Онда халықаралық ұйым талаптарына сай барлық норма сақталатын болады, - деп атап өтті Тұрғымбаев.