Сонымен қатар ол бұл Кенесарының бассүйегін қайтару процесінің неге ұзаққа созылып жатқанын айтты.
Бұл туралы елордада өтіп жатқан конференцияда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты деп хабарлайды Paryz.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Ол "Ұлы Даланың жеті қыры: Сібір ұлысы және Тайбұға Қазақстан тарихында" конференциясында Кенесары ханның бассүйегін қайтару мәселесіне байланысты пікір білдірді.
Бұл істі аяғына дейін жеткізу керек. Қазір жан-жақты зерттеліп жатыр. Бұл - өте дұрыс бағыт. Алайда мұндай тарихи қадамды асығыс жасауға болмайды. Бізде одан басқа да шетелде артефактілеріміз бар. Мәселен, Берік Әбдіғалиұлымен Петербургке барғанда Кенесары ханның белбеуіне куә болдық. Оның мылтығы Омбы музейінде тұр. Екі жақты кездесу жүргізіп, мұндай қасиетті құндылықтарды елімізге әкелуге мүмкіншілік бар, - дейді ол.
Сонымен қатар ол бұл Кенесарының бассүйегін қайтару процесінің неге ұзаққа созылып жатқанын айтты.
Бұл - бір күндік дүние емес. Қазіргі уақытта бұл мәселе қаралып жатыр. Айта кетейін, мұндай қадамды жасап жатқан тек біздің ел. Кейкі батырдың бассүйегін алып келгенде ол тізім ішінде басқа мемлекеттердің де батырларының бассүйектері болды. Оны қайтарам деп жүрген басқа ел жоқ. Біздің еліміз бұл тұрғыда ерекше, өз құндылығын қастерлейді, - деп атап өтті Арыстанбек Мұхамедиұлы.