Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атырау облысында төрт ауылда жол 30 жыл бойы жөнделмеген

Тіпті 4 млрд 200 млн теңгенің жобасы жасалған. Бірақ бәрі қағаз күйінде ғана қалды.

Атырау облысында төрт ауылда жол 30 жыл бойы жөнделмеген
фото: ашық дереккөз

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы төрт ауылдың тұрғындары 30 жылдан астам уақыт бойы елді мекендерді жалғайтын жалғыз жолды жөндейді деп сарыла күтіп жүр деп хабарлайды Paryz.kz.

"Хабар 24" хабарлағандай, Ғизат Әліпов атындағы ауыл аудан орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан. Оған жету үшін тұрғындар бір сағаттан артық уақыт жұмсауға мәжбүр. Ал егер жаман ауа райы болса, жолға шығу аса қауіпті.

1990 жылдардың басынан бері билік уәде беріп келеді, әсіресе, көктем мен күзде қиын, - дейді Ғизат Әліпов ауылының тұрғыны Көбейсін Өтесов.

Былтыр мұнда қайта жөндеу жұмыстары басталуы керек еді. Тіпті 4 млрд 200 млн теңгенің жобасы жасалған. Бірақ бәрі қағаз күйінде ғана қалды.

Әзірге жол төсемін тегістеуге 400 млн теңге жұмсалды. Қалған жұмыстар жобалаудағы кемшіліктерге байланысты уақытша тоқтатылды. Қазір ол аяқталуда. Оны қалай аяқтайды, солай жөндеу жалғасады. Тапсырыс беруші – облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, – дейді Құрманғазы ауданының Жолаушылар көлігі және автокөлік жолы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шынболат Мусин.

Жергілікті билік алдағы екі жылда жолды жөндеуге уәде береді.