Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Нигерия азаматына тұрмысқа шыққан атыраулық келіншек күйеуіне қазақ тілін үйретіп жүр (ВИДЕО)

Айта кетейік, атыраулық бойжеткеннің нигериялық азаматқа тұрмысқа шығуы желіде қызу талқыланған болатын.

Нигерия азаматына тұрмысқа шыққан атыраулық келіншек күйеуіне қазақ тілін үйретіп жүр (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Нигерия азаматымен бас қосқан Зайда Жаңабаева күйеуіне қазақ тілін үйретіп жүр деп жазады Paryz.kzNUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Instagram желісінде жариялаған видеосында атыраулық ару жарына қазақ тілінде сөз жасырады, ал ол өз кезегінде сөздерді қайталап, оның мағынасын табуы қажет.

Зайда жұбайынан "көлеңке", "қолтық", "тырнақ", "кітап" және "жапырақ" деген сөздерді қайталап, аудармасын сұрайды. Нигериялық күйеу бала бір сөзді де дәл таппаса да, әңгіме барысында қазақ тіліндегі соған ұқсас басқа сөздерді есіне алады.

Желі қолданушыларына ерлі-зайыптылардың осы форматтағы видеолары ұнап қалған. Олар Зайда Жаңабаеваның ағылшын тілін жоғары деңгейде білетініне таңдай қақты.

"Сіздер өте әдемі жұпсыздар! Оның сізге көзқарасынан сізді қаншалықты сүйетінін айтпай-ақ түсінуге болады. Осындай қызықты әрі өзіне де пайдалы видеоларды жиі жариялап тұрыңыздар", "Әдемі көрініс, ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейсіз", "Сіздің English өте керемет, құпия болмаса мұғаліміңіз кім? Қызымыз екеуміз сіздің жанкүйеріңізбіз", - деп жазды желі қолданушылары жастарға.

Айта кетейік, атыраулық бойжеткеннің нигериялық азаматқа тұрмысқа шығуы желіде қызу талқыланған болатын. Алайда Зайда Жаңабаева ешбір сынға мән бермейтінін жеткізді.