Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" туралы пікір білдірді

"Адамдар фильм емес, сол елдің азаматы жайлы алған әсерін көбірек есінде сақтайды", - дейді дипломат.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Интервью Посла США в Казахстане Уильяма Мозера с @lyazzat_shatayeva, журналистом телеканала @kazakh_tv ▶0:57 - Пандемия и ее влияние на экономику Казахстана ▶3:45 - Поддержка США для Казахстана во время пандемии ▶5:45 - О выдаче виз для казахстанцев ▶8:07 - Экономические отношения между двумя странами и развитие туризма в Казахстане ▶10:44 - О развитии торговых отношений между США и Казахстаном ▶12:07 - Инвестиционный климат Казахстана ▶15:20 - Продвижение принципов верховенства закона, прозрачности и прав человека ▶17:30 - О мирных протестах в Казахстане ▶18:07 - О новой системе праймериз в Казахстане ▶18:44 - Борьба с терроризмом и установление мира в регионе ▶21:07 - Важность борьбы с торговлей людьми в Казахстане ▶25:38 - Стратегия по Центральной Азии в случае смены администрации США ▶27:35 - 30-летие дипломатических отношений США и Казахстана ▶30:15 - О выходе сиквела фильма “Борат”

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" туралы пікір білдірді
Фото: azattyq ruhy

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Kazakh TV телеарнасына берген сұхбатында жақында көрерменге жол тартатын "Борат" фильмінің жалғасы туралы пікір білдірді.

Елші фильмнің бірінші бөлімін толық көрмегенін, тек қана үзіндісін көргенін мойындады.

"Бұл – бар болғаны кино. Көрермен киноға барады, көреді, сонымен бітті", - дейді Мозер "Борат" фильмінің екінші бөлімі жайлы.

Елшінің айтуынша, адамдар өзі бармаған, болмаған мемлекет туралы сол елдің бір азаматы арқылы жеке көзқарасын қалыптастырады. Ал АҚШ-та елі туралы жақсы пікір қалыптастыратын талантты Қазақстан азаматтары көп болған.

"Ол фильмді біреу көрер, біреу көрмес. Адамдар фильм емес, сол елдің азаматы жайлы алған әсерін көбірек есінде сақтайды", - дейді дипломат.

Сондай-ақ, АҚШ елшісі жарты сағатқа созылған сұхбатында пандемияның Қазақстан экономикасына әсері, АҚШ-тың Қазақстанға көрсеткен қолдауы, виза мәселесі, Қазақстандағы инвестициялық климат, екі ел арасындағы сауда-саттық, дипломатиялық қатынас жайлы айтқан.

Еске сала кетейік, "Борат-2" фильмінің премьерасы 23 қазанда Amazon Prime сервисінде болады.