Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Алматыда лифтіде ойран салған ер адам анықталды (ВИДЕО)

Бұзақы қала тұрғындарынан видео арқылы кешірім сұрады.

Алматыда лифтіде ойран салған ер адам анықталды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматыда көпқабатты үйдің лифтісінде ойран салған ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов айтты деп хабарлайды Paryz.kzSputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Оқиға 1 қарашада болған. Видеода ер адам бір келіншекпен бірге лифтіге кіреді. Лифт батырмасын басады да, есіктің жабылып жатқанына қарамай, панельді ұрғылайды. Сосын бір теуіп сындырады. Жанында тұрған әйел оны алып шығуға тырысқан. Бірақ ол қайтып келіп, панельді тағы тебеді.

Біз бұзақының кім екенін анықтадық. Ол 1978 жылы туған Жүнісов Т.Ж. болып шықты. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша жауапқа тартылды, - деп жазды Әбдірахманов.

Бұзақы қала тұрғындарынан видео арқылы кешірім сұрады.

Осы орайда полиция басшысы бұзақы кешірім сұраса да, жауапкершіліктен босатылмайтынын ерекше атап өтті. Ал 434 бап (Ұсақ бұзақылық) бойынша 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салу не 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алу жазасы қарастырылған.