Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылы пандемия кезеңінде елдегі әрбір адамға не қажет екені айқын көрінді.
Ауыл шаруашылығы сарапшылары «Елдің аграрлық секторы коронавирустық пандемиядан туындаған бірқатар қиындықтарды жеңуге оң ықпалын тигізді. Себебі, мал шаруашылығы – көшпенділердің төл мұрасы» деген еді. Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылы пандемия кезеңінде елдегі әрбір адамға не қажет екені айқын көрінді. Біріншіден, бұл денсаулық пен азық-түлік қажеттіліктері, ал қалғанының бәрі екінші орынға ысырылды. «Пандемия кезеңінде адамдарға бірінші кезекте тұтынатын ауыл шаруашылығының азық-түлік өнімдері қажет болды, дегенмен жұртшылық өңірлерде азық-түліктің жетіспеушілігіне байланысты отандық аграрлық салаға қаншалықты шағымданса да, ол біздің елді пандемияның күрделі кезеңінен табысты алып шықты», - деп атап өтті сарапшы Алмасбек Садырбаев.
Дәл осы отандық аграрлық сала пандемия мезгілінде елдің экономикасын ұстап тұруға қабілетті негізгі тетіктердің біріне айналды. Екінші жағынан әр саладағы кәсіпорындар жабылып, бизнес субъектілері өздерін банкрот деп жариялады.
Дегенмен, осы күрделі кезеңде мемлекетте жылқы етіне деген халықтың сұранысы артқанын байқауға болады және сұраныстың артуына орай жылқы етінің бағысы да қымбаттады. «Жылқы шаруашылығы барлық уақытта мал шаруашылығындағы ең табысты кәсіптердің бірі екендігін және бүгінгі күні шаруа қожалықтардың жылқыны өсіріп, оны баптап, етін сату бағыты елдің аграрлық секторында қарқынды дамуда. Себебі, көшпенділердің ұрпақтары барлық уақытта жылқы шаруашылығымен айналысуға бейім келген», - деді Алмасбек Садырбаев.
Алайда, өңірлердегі шаруа қожалықтарын құртып жіберетін ең күрделі мәселе мал ұрлау фактісі болып отыр. Сарапшы мал өсірушілер арасында арнайы сауалнама жүргізгенін айтады: «Олар малды ұрылардан қорғау мақсатында көптеген адамдар өздерінің қолдарына қару алуға рұқсат беруді жақтады. Сонда олар шаруашылықтарын қорғап, мал ұрлығы фактілерін едәуір қысқарта алады. Жылқы шаруашылығының дамуын тежейтін тағы бір фактор – жылқы өсірушілер арасындағы қарым-қатынас. Олар бір палатаға, қауымдастыққа біріге алмайды. Біреу араб жылқыларын, біреу ағылшын, ал біреу тауарлы тұқымдарды өсіреді. Олардың барлығы өздерін басқалардан жоғары санайды және бір ымыраға келгісі келмейді», - дейді Алмасбек Садырбаев.
Дегенмен, жыл сайын қазақстандық фермерлер жылқы шаруашылығымен де айналысқысы келеді. Сарапшы бұл таңқаларлық жағдай емес деп санайды. Себебі, қазақтардың қанында: «Жылқы шаруашылығы – біздің қызметіміздің басты кәсібінің түрі. Біз мың жыл бойы осы іспен айналыстық, тағы да мың жылға сенімді боламыз, бұл Қазақстанның аграрлық саласын дамытып, әлемдік нарыққа шығаруға қомақты үлес қосады» деп өз қорытындылады сарапшы.