Қазақстанда жеке компаниялар есебінен мұқтаж жандар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарлануда

Қазіргі таңда Қазақстанда тұрғын үй кезегінде 500 мыңнан астам азамат тұр.

 

Қазақстанда жеке компаниялар есебінен мұқтаж жандар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарлануда
Дереккөз: inbusiness.kz

Қазақстан Үкіметі Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй мәселесін жеке құрылыс компанияларын тарту арқылы шешуді жоспарлап отыр. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр атап өткендей, мемлекет жеке құрылыс компанияларына азаматтардың осындай санаттарына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуды ұсынады, ал Үкімет шығындардың бір бөлігін субсидияламақ.

«Біз тұрғын үйдің қолжетімділік сатысын пайдалана алатынымызды түсінеміз, тіпті арзандатылған несиені де алуға азаматтардың барлық санаттарының шамасы келе бермейді. Сондықтан шешім қабылданды, Президенттің сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй берудің жаңа тетіктерін әзірлеу туралы тапсырмасы бар», - деді Р. Скляр.

Аталғмн тетік арқылы жеке құрылыс компаниялары өз ақшаларына тұрғын үй салады, оны ұстайды, жалдау ақысына «әділ баға» тағайындайды, ал мемлекет жаңа тұрғын үй салудан бас тартады және кезекте тұрған мұқтаж адамдар пәтерді сатып алу құқығынсыз алуы үшін, жалдау ақысының мөлшерлемесін субсидиялайды деп болжанып отыр.

«Бұл бізге не істеуге мүмкіндік береді? Егер біз 9-10 мың пәтер тұрғыза алсақ, осылайша, біз жыл сайын тұрғын үй құрылысына жұмсайтын ақшаны жұмсай отырып, олардың санын еселеп арттыра аламыз. Мұндай модель қазір Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жұмыс істеген тұрғын үй саясаты жөніндегі заң жобасы шеңберінде өтетін болады", - деп түсіндірді вице-премьер.

Еске салсақ, қазіргі таңда Қазақстанда тұрғын үй кезегінде 500 мыңнан астам азамат тұр.

Сонымен бірге, Р. Скляр Қазақстанда 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары қабылданатынын мәлім етті.  «Елдің дамуы өңірлердің теңгерімді дамуы негізінде ғана жүзеге асатыны анық. Осы орайда, жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары қабылданатын болады, ол өңірлік стандарттар жүйесі негізінде «адамдар инфрақұрылымға» қағидатын іске асыруға бағытталған», - деді Роман Скляр.

Осы қағидаттың негізінде еліміздің өңірлерінде көлік, әлеуметтік, коммуникациялық және энергетикалық инфрақұрылымды озық дамыту керек екенін түсіндірді. Бұл ретте, Үкімет келесі бағыттар бойынша қалалар мен ауылдық елдімекендерді дамытуға баса назар аударатын болады:

- кәсіпкерлікті қолдау;

- іскірлік жобаларды іске асыру арқылы экономиканы әртараптандыру;

- инженерлік инфрақұрылымды салу және оларды жаңғырту;

- көліктік байланыс мәселелерін шешу;

-әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларын іске асыру және т.б.

2020 жылдың қорытындысы бойынша республика халқының 94%-ы сумен қамтамасыз етілген – бұл көрсеткіш 17,7 млн. адамды құрайды. Мемлекет басшысы алға қойған міндетті орындау үшін, 1,3 млн-ға жуық азамат тұратын 1 922 ауылдық елдімекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау желілері және су тазарту жүйелерінің құрылысы жалғасатын болады. Осылайша, 2025 жылға қарай ел халқы 100% таза ауыз суға қол жеткізумен қамтамасыз етілетін болады.

Электр энергиясын тұтынудың өсуін ескере отырып, экологиялық маневрлік қуаттарды дамыту мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Осы орайда ҚР Үкіметі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бірлесіп, бу-газ қондырғыларын салу жобалары бойынша жұмыс жүргізуде және 2026 жылға қарай еліміздің оңтүстігінде шамамен 3 мың МВт қуаттылықты іске қосу күтілуде.

«Соңғы жылдары әлемдік тәжірибені ескере отырып, жаңартылатын энергия көздері секторындағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша нақты қадамдар жасалды. Мемлекет экономиканы декарбонизациялауға бағытталған белсенді саясат жүргізуде. Қазіргі уақытта елімізде шамамен                     2 мың МВт жаңартылатын энергия өндіріледі», - деп хабарлады Роман Скляр.

Оның айтуынша, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 4000 МВт құрайды, бұл ЖЭК үлесінің 6%-ын жоспарлы мақсатты индикатормен қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін газ-химия саласының үш жобасы іске асырылатын болады. Оның бірі-«Қашаған» кен орнында жылына 1 млрд. текше метр шикі газ өңдеу қуаттылығымен газ өңдеу зауытының құрылысы болып отыр. Қазіргі таңда аталған бағытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан тұтынушыларын тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистральдық газ құбырын жаңғырту және «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісін (308 км) іске қосу жоспарланған.