Атап айтқанда, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тау-кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 15,1%-ды құраған.
Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында экономика өсімі 3,4%-ды құраған. Бұл ретте қызмет көрсету секторында оң көрсеткіштер бар екенін, сондай-ақ, сауда теңгерімінің нығаюы, өндіруші салаларда жоғары инвестициялық белсенділік байқалатынын атап өту керек. Дәлірек айтсақ, қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 2,9%-ға дейін артса, «Ақпарат пен байланыс, құрылыс, сауда, су және электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі салаларында жоғары өсу қарқыны байқалады. Ауыл шаруашылығында да оң көрсеткіштер бар. ЖІӨ-нің өсуіне ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту маңызды роль атқарып отыр. Оның ішінде жетіспейтін салаларға айтарлықтай инвестициялар тарту байқалады», - дейді тиісті ведомство өкілдері.
Атап айтқанда, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тау-кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 15,1%-ды құраған. Әсіресе, инвестициялар құрылыс саласында – 1,3 есеге, өңдеу өнеркәсібінде - 80,6%-ға, сауда саласында - 37,8%-ға, ауыл шаруашылығы саласында - 36,7%-ға, ақпарат және байланыс саласында - 14,3%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияар көрсеткішінде - 18,9%-ға және қаржылық қызметте - 15,6%-ға ұлғайған. Өңірлік бөліністе ең үздік көрсеткіштер Шымкент пен Алматы қаласында, сондай-ақ Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.
Министрліктің мәліметіне сәйкес, 2021 жылы өңделген тауарлар эксопрты көлемі де артқан. «Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында сыртқы сауда тауар айналымы 62,8 млрд. долларды құрады, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 37,5 млрд. долларды құрап отыр. Бұл ретте, өңделген тауарлардың экспорты 23,2%-ға, яғни 12,1 млрд. долларға дейін өсті. Тауарлар импорты 25,4 млрд. долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы өткен аймен салыстырғанда 1,7 млрд. долларға өсіп, 12,1 млрд. долларды құрады», - деп атап өтті министр.
Сонымен бірге Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отырғандығы белгілі болды. Мәселен, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндіріс көлемі 5,7%-ға артқан. Қуаныштысы Қазақстанның әр аймағында аталған көрсеткіш бойынша оң динамика байқалған. Бұл ретте, ең үздік көрсеткішті Алматы қаласы, Алматы және Қостанай облыстары көрсетіп отыр.
Сол сияқты, өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша фармацевтикалық өнім өндірісі 38,1%-ға, машина жасау өнімі – 22,8%-ға, оның ішінде автомобиль жасау 31,6%-ға, вагондар мен локомотивтер өндірісі – 50,5%-ға, құрылыс материалдары – 10,1%-ға, пластмасса бұйымдары – 31,4%-ға, дайын металл бұйымдары – 17,2%-ға, киім-кешек – 14%-ға және жиһаз жабдықтары - 14,9%-ға артқан. Көрсеткіштің оң өсімі барлық өңірлер бойынша тіркелген. Ал, құрылыс-монтаж жұмыстарының ең көп өсімі Алматы қаласында, сондай-ақ Маңғыстау және Ақмола облыстарында байқалады.
Бұдан бөлек, елімізде қаңтар-тамыз айларында 10,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл сала бойынша оң көрсеткіш 8%-ды құрады.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында өсім - 1,4% болды. «Өңірлік бөліністегі жалпы жағдай 7 экономикалық көрсеткіш бойынша Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкентте оң өсім байқалады. 6 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсім байқалады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы, сондай-ақ Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары болып отыр. 4 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсім тіркелген. Батыс Қазақстан облысында өсім 4 көрсеткіш бойынша байқалды», - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Бұдан бөлек, 2021 жылы Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар 80%-ға артқаны анықталды. «Экономикалық өсімнің маңызды факторы ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту болып табылады. Оның ішінде жетіспейтін салаларға айтарлықтай инвестициялар тарту байқалады. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда 15,1%-ды құрады», - дейді құзырлы ведомство өкілдері.
Атап айтқанда, инвестиция тарту көрсеткіші құрылыс саласында – 1,3 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 80,6%-ға, сауда саласында – 37,8%-ға, ауыл шаруашылығында – 36,7%-ға, ақпарат және байланыс саласында – 14,3%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 18,9%-ға және қаржылық қызметте – 15,6%-ға ұлғайды.