Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақтарда биылғы жылы 842 жұмыс орындары ашылмақ.
Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатқандығы баршаға аян. Осы орайда, 2021 жылы елде аталған бағдарлама бойынша іске қосылған жобалар мен олардың көмегімен ашылған жұмыс орындарының саны, көпті толғандыратыны анық. Сол себепті, кезекті материалда осы сауалдарға жауап іздейтін боламыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемін 2025 жылға қарай 1,5 есеге арттыру міндеті қойылғанын атап өту қажет.
Осы орайда, Министр Б.Атамқұловтың мәліметіне сәйкес, мемлекетімізде 8 айдың қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібі - 140,8%, машина жасау - 123,9%, құрылыс материалдары өндірісі - 111,6% көрсеткішпен ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген.
Атап айтқанда, өндіріс көлемін ұлғайту туралы мақсатқа қол жеткізуде - қомақты үлесті Индустрияландыру картасының жобалары құрап отыр. 2021 жылы еліміздегі өңірлер 12 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын аша отырып, жалпы сомасы 1,23 трлн. теңге болатын 128 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.
Аталған жобалардың ең көп саны бойынша айтатын болсақ, Шымкент қаласында – 17 жоба, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында 14 жоба екендігі атап өтілді. Оның ішінде 128 жобаның 107-сі өңдеу өнеркәсібіне, 15-і энергетика саласына және 6-ы басқа салаларға қатысты болып табылады.
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде жалпы сомасы 923,2 млрд. теңгені құрайтын 107 жобаны іске қосу көзделіп отыр. Жобалардың ең көп саны -тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау және құрылыс индустриясы салаларына тиесілі екенін атап өткен жөн.
Осы ретте, 670 млрд. теңгеден астам инвестициялардың негізгі үлесін металлургия жобалары қамтамасыз етеді деп күтілуде. Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақтарда биылғы жылы 842 жұмыс орындары ашылмақ. Бұл мақсатта бюджеттен 27,7 млрд. теңге сомасында қаржы жұмсалып, 15 жоба іске асырылатын болады.
Құзыреттің ведомствоның мәліметінше, Қазақстан бойынша инвестиция тарту бойынша, көш бастаған облыстар да анықталған. Қазіргі таңда елде мұндай 2 өңір аталып отыр. Олардың бірі – Шығыс Қазақстан облысы болса (құны 469,7 млрд. теңге болатын 14 жобаны іске қосу жоспарлануда), екіншісі – Қараанды облысы (құны 230,2 млрд. теңге болатын 14 жоба жүзеге асыру жоспарлануда).
Жалпы 2021 жылы қыркүйек айындағы жағдай бойынша, Қазақстандағы пайдалануға берілген жобалардың саны – 28-ді құраған. Аталған жобалардың жалпы сомасы 296 млрд теңге болған. Сонымен бірге, осы жобалар аясында республикада 3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.
Индустрияландыру картасы аясында елде қандай жобалар пайдалануға берілді?
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, биыл пайдалануға берілген жобалардың саны 28-ді құраса, олардың ішіндегі ауқымды жобалар да бар көрінеді. Осыған орай, аталмыш жобалардың ең ауқымдыларына тоқталып өтуді жөн көрдік.
Қарағанды облысында жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғырту және «Жәйрем КБК» АҚ байыту фабрикасының құрылысы Индустрияландыру картасы аясында қолға алынған ең ірі жобаларыдң бірі. Мәселен, кәсіпорынды жаңғырту арқылы қорғасын-мырыш кенін өндіру көлемін 2.5 есеге, яғни жылына 5 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға болады. Кәсіпорын бірқатар заманауи инновациялық тетіктерді енгізе отырып, бірыңғай ақпараттық деректер базасын құрды. Бұл - өндірістік-экономикалық қызметті бірнеше жыл бұрын модельдеуге және жоспарлауға, сондай-ақ адами факторды болдырмай, жедел шешімдер қабылдауды күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып жатқан тағы бір жобаның бірі – «Петропавл электр техникалық зауыты» ЖШС трансформаторлар өндірісі болып отыр. Айта кетерлігі, аталған зауыт Алагеум тобындағы 4-ші ірі зауыт болып есептеледі. Аталмыш кәсіпорынды іске қосу арқылы отандық трансформаторлар өндірісін жылына 44 мың қуатқа арттыра отырып, 40%-ға ұлғайту көрсеткішіне қол жеткізуге болады. Бұл ретте, экспорт жылына 25 мың бірлікке жететінін алға тартқан абзал.
Қуаттылығы жөнінен тағы бір ірі жоба – Қарағанды облысы Саран қаласындағы қуаты жылына 1200 бірлікті құрайтын «QazTehna» ЖШС Yutong жолаушылар автобустарын шығару жобасы болып табылады. Министр Б.Атамқұлов: «2021 жылғы маусымда шағын торапты өндіріс әдісі (CKD) пайдалануға берілді, бұл кейбір модельдердің локализациясын 40%-ға дейін арттырады. Болашақта Саран қаласында шина зауытын іске қосуды және отандық аккумуляторларды пайдалануды ескере отырып, оқшаулаудың 50%-ға дейін өсуі күтіледі. Аталған автобустарды ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, балаларды мектеп автобустарымен тасымалдауды ұйымдастыру жол картасы аясында пайдаланылатын болады», - деп түсіндірді.
Министрліктің мәліметінше, келесі жобаларды биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отырған көрінеді:
Жалпы Қазақстан бойынша іске асырылатын 128 жобаның өндіріс көлемі шамамен 1 трлн теңгені құрамақ. Сонымен бірге аталған жобалардың барлығы ел экономикасының дамуына тың серпіліс әкеліп, оның одан ары дамуына зор үлес қосатыны анық.