Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда волонтерлер қозғалысы қалай ұйымдастырылуда?

Елімізде, әсіресе, 2020 жылы еріктілер қатары пандемияға байланысты  айтарлықтай өскені байқалуда.

Қазақстанда волонтерлер қозғалысы қалай ұйымдастырылуда?
Дереккөз: Tengrinews.kz

Қазақстанда қайырымдылық көрсету қызметі қаншалықты дамыған, волонтерлер кімге және қалай көмектеседі, осы салада қандай басты үрдістер мен өзгерістер байқалады? Осы және өзге сауалдардың жауабын аталған материалдан білетін боламыз.

Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Осыған орай, еліміздегі волонтерлер ұйымына шолу жасасақ. Қазақстанда 2020 жыл – еріктілер жылы ретінде аталып өтті. Елімізде, әсіресе, 2020 жылы еріктілер қатары пандемияға байланысты  айтарлықтай өскені байқалуда. Былтырғы жылы барлық жастағы қарапайым адамдар коронавирус жұқтырған адамдарға және медициналық қызметкерлерге көмектесу үшін барын салды.

Қазақстанда көптеген жылдар бойы қалыптасқан волонтерлік мәдениеттің арқасында әрі оның дамуына қомақты үлес қосып келе жатқан бірқатар ұйымдар бар. Осы орайда, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы шағын қорлардың ерікті басшыларымен олардың қызметі және өз саласында қандай негізгі үрдістер мен өзгерістерді байқайтыны туралы айтып берсек.

World giving Index, Charity Aid Foundation британдық қайырымдылық ұйымының жыл сайынғы баяндамасына сәйкес, Қазақстан 140-тан астам елдің ішінде 78-ші орынға ие. Бұл қор әлемнің әр елдерінде сауалнама жүргізеді. Нәтижесінде респонденттерден қайырымдылықтың үш түрінің қайсысының, соның ішінде бейтаныс адамға көмек көрсету, қайырымдылыққа ақша беру және волонтерлік қызметке қатысу жайлы көрсеткіштерді жариялап отырады.

Индекс Қазақстанның динамикасын 2013 жылдан бастап, біздің еліміз рейтингте 66 орында тұрғанын көрсетеді, одан кейін төмен және жоғары көрсеткіштер болған, 2014 жылғы 101 орыннан 2015 жылы 56-ға көтерілген, уақыт өте келе 2019 жылы тізімнің 78-ші орынға табан тіреген.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараты бойынша,  осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда 200-ден астам волонтерлер ұйымы болған. Сонымен қатар, волонтерлер қозғалысына 50 мыңға жуық адам тартылған. Бұл сала Қазақстанда жыл санап танымал бола түсуде және қор басшыларының айтуынша күн өткен сайын қоғамдағы еріктілік белсенділіктің сапасы жақсаруда, соның ішінде адамдарға еңбекақы төленбесе де, олар елге көмектесуді әдетке айналдырған әрі ондай тұлғалар осы жұмыстарын жылдар бойы жалғастырып келе жатқан көрінеді.

Волонтерлер балалар үйіне қалай көмектеседі?

Елордалық «Best for Kids» қоғамдық қорының президенті Құралай Жарқымбаева өз ұйымының қызметін 2010 жылы Astana Alumni Association компаниясынан Қазақстанға оралған шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері тобынан тұратын бастамашыл топ ретінде бастағанын еске алады. Жастар Ақмола облысының Ақкөл және Жолымбет балалар үйлеріне жиі барып, тәрбиеленушілердің кәсіби бағдары мен әлеуметтік бейімделуіне арналған іс-шараларды өткізеді. «Best for Kids» қоғамдық қоры 2013 жылы ресми түрде тіркелген. Бүгінде қор Ақмола облысының аумағында және Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді. Аталған  қор 200-ден астам бала тұратын екі балалар үйіне көмектеседі. Соңғы 10 жылда қор арқылы 7500-ға жуық адам, соның ішінде волонтерлер, әртүрлі мамандық иелері мен демеушілер еңбек еткен. Құралай Жарқымбаева қордың қызметі аясында 7 жыл ішінде үш негізгі бағыт қалыптасқанын айтады. Бірінші бағыт — балалар үйінің тәрбиеленушілері.«Біз балалар үйіне жыл бойы барамыз, мысалы, олар студент болған кезде қалада өз бетінше өмір сүре алатын қажетті дағдыларға ие болу үшін, әлеуметтік-бейімделгіш сипаттағы білім беру іс-шараларын ұйымдастырамыз», - дейді маман. Қор балалардың Нұр-Сұлтан қаласына келуін ұйымдастырып, футбол бойынша қайырымдылық турнирлерін және даму ерекшеліктері бар балаларға арналған шығармашылық шеберханаларды, сондай-ақ «Балалар Handmade жасайды» атты жәрмеңкелер мен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізген. Қор жұмыс жасайтын екінші бағыт – балалар үйінің түлектері. Нұр-Сұлтан қаласында №6 колледж аумағында орналасқан түлектер клубы бар. Онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен балалар үйлерінің түлектері оқиды. Қор осы клубта түлектерге қолдау көрсететін әр түрлі бағдарламалармен таныстырады. «Біздің басты мақсатымыз балалардың ересектерге дейінгі өтпелі кезеңінде оларға барынша қолдау көрсету болып табылады»,-дейді қор жетекшісі. Құралай Жарқымбаева балалар үйіндегі түлектермен апта сайын тәрбие, ата-аналармен қарым-қатынас, жауапкершілік, жұмысқа орналасу сынды әртүрлі тақырыптарда іс-шаралар өткізіп отырамыз дейді, себебі осы сұрақтар  талқылау олар үшін маңызды дейді қор басшысы. Қор жұмыс істейтін үшінші бағыт – балалар үйлері мен колледждердің тәрбиешілері. «Біз үшінші бағыттың өте қиын жұмыс екенін түсінеміз, олар күрделі балалармен жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкерлер күніне 10 сағат ауысыммен жұмыс істейді. Біз көмекшілерге көмектескіміз келеді. Біз оларға эмоционалды күйзеліс, өзін-өзі құрметтеу бойынша тренингтер өткіземіз, өйткені қызметкерлер  шаршайды, содан кейін барлық моральдық жүктемелермен олар үйлеріне барады. Нәтижесінде олардың ары қарай жұмыс істеуге күші жетпейді – бұл барлық жерде қолданылатын тәжірибе, сондықтан біз оларды қолдағымыз келеді», - дейді қор президенті. Ол, сондай-ақ Қор қызметі балалар және тәрбиешілермен қатар еріктілерді де қолдайтынын атап өтті. 

Құралай Жарқымбаева елордадан тыс, ауыл-аймақтарда орналасқан балалар үйі туралы да тілге тиек етті. Оның пікірінше, географиялық айырмашылық балалардың дамуына ықпал етуі әбден мүмкін екен.

«Ауылдық балалар үйінің тәрбиеленушілері интернатта оқиды және әртүрлі санаттағы адамдармен сөйлесуге мүмкіндік бермейтін өте оқшауланған ортада өмір сүреді. Олар әлеуметтік санатта өмір сүреді, өздеріне өте ұқсас, яғни бұлар әлеуметтік жетімдер мен толық жетімдер. Сондықтан, мұндай балалардың әлеуметтік бейімделуі туралы айту қиын», - дейді қор президенті.

Көмек – бұл үлкен жауапкершілік және егер ол дұрыс жасалмаса, зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан, «Best for Kids» қорында волонтерлер үшін айқын ережелер бар, оларды бұзған жағдайда қызметтен шеттету немесе тіпті қордан шығару көзделеді. Мұндай саясаттың мақсаты – еріктінің өзін де, балалар мен тәрбиешілерді де қорғау. Сондықтан, еріктілерге арналған мұндай ережелер мен нұсқаулықтар – балаларға көмектесу үшін, негізгі механизмдердің бірі дейді волонтерлер.

«Біз бұл ақы төленбейтін қызмет екенін, оның ақысыз және ерікті екенін түсінеміз. Яғни, адам кез келген уақытта кете алады. Сондықтан, мен «күту» сөзін қолданғым келмейді, сәйкесінше «біз қалаймыз» дегенді ұнатамын. Біздің команда қорға ұзақ мерзімге жұмыс істеуге қалатын адамдар келгенін қалайды. Себебі, бағдарлама сапалы болуы үшін, бала немесе жасөспірім еріктілерді үнемі көруі өте маңызды. Тек тұрақтылықтың арқасында біз олардың сеніміне ене аламыз, содан кейін ғана сапалы іс-шаралар жүргізуге болады. Жаңа адам жай келіп, бірден жаттығу жасай алмайды, бұл мүмкін емес. Бірінші қадам – әрқашан сенімділік қажет. Сенімсіз мүмкін емес. Барлығы тек тұрақтылықпен келеді», - дейді Құралай Жарқымбаева.