Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Бескөл ауылдық округінде жаңа трансформатор подстанциясы іске қосылды

Қазіргі заманда қоғамның өмір сүру деңгейінің маңызды көрсеткіші халықтың электр энергиясын нақты тұтынуы болып табылады. Бір адамға келетін электр энергиясының мөлшері тұрғын үйде жайлылық деңгейін және қалалар мен басқа да елді мекендердің инфрақұрылымын жетілдіру дәрежесін сипаттайды.

Бескөл ауылдық округінде жаңа трансформатор подстанциясы іске қосылды

Барлық дамыған елдерде бұл көрсеткіштің тұрақты өсуі байқалады. 

Солтүстік-Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округінде қарқынды түрде тұрғын үйлер салынып жатыр. Осы ретте, үйлердің электр, су желілеріне қосылуы әрдайым жергілікті атқарушы органдардың назарында екенін атап айтқан жөн. Өйткені, биыл жаңа үйлерге электр энергиясын өткізу мақсатында ауылдық округтің Зеленая көшесі бойында жаңа трансформатор подстанциясы іске қосылды. 

Мамандардың айтуы бойынша, ескі құрылғылардың техникалық күші жаңа үйлерге жеткіліксіз болғандықтан Бескөл ауылдық округінің әкімдігі жаңа трансформатор орнатуды қолға алды.Жұмыстарды «Bear Enjineering» ЖШС жүргізді. Енді жаңа үйлер электр өткізгіш трнасформаторларға қосылып, электр энергиясына қол жеткізе алады. 

Бұған дейін, 2020 жылы трансформатор подстанциялары Бескөл ауылдық округінің Спортивная және Береговая көшелерінде орнатылған болатын. 

Трансформатор кернеудің шамасын өзгеретін параметрлердің өзара электрлік байланысынсыз өзгертуге арналған электр құрылғы. Энергияның басқа түрлерімен салыстырғанда, электр энергиясының артықшылығы сөзсіз. Оны сым арқылы өте алыс жерлерге аз шығынмен жеткізу, тұтынушыларға таратып беру ыңғайлы. Ең бастысы, өте қарапайым құрылғылардың көмегімен бұл энергия: механикалық, ішкі, жарық энергияларына т.с.с. энергияның кез келген басқа түрлеріне оңай айналдырылады.

Айта кететін жайт, ауыл тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарға өз ризашылықтарын білдіруде.

Халық әрдайым аудан деңгейінде жасалып жатқан жұмыстар, бөлініп жатқан қаражаттар, мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардар. Ауыл тұрғындары ауылды абаттандыруға қатысты сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныстарын да білдіріп жатады.