Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Блогерлер Алматы әкімдігінің тұрағында шу шығарды (ВИДЕО)

Жүргізушілер камераны көріп, тез арада кетіп қалуғы тырысады. 

Блогерлер Алматы әкімдігінің тұрағында шу шығарды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

YouTube-те LIFE KZ арнасының авторлары Ринат Кибраев пен Жанар Құсайынова Алматы әкімдігінің алдындағы тұраққа барып, тексеріс жасады деп хабарлайды Paryz.kz.

Блогерлер мемлекеттік мекеме тұрағында ұсақ ереже бұзушылықтарды анықтады: біреу көлігін жолға қойып қойған, аялдауға және тұрақтауға тыйым салу белгісі тұр және басқалары.

Видеодан қызметтік көлік жүргізушілері блогерлермен сөйлесуден бас тартқанын көруге болады. Жүргізушілер камераны көріп, тез арада кетіп қалуғы тырысады. 

Блогерлер кейбір жүргізушінің ереже бұзып, мемлекеттік қызметкерлерді отырғызу үшін әкімдік ғимаратының алдына тоқтайтынына наразы болды.