Іс-шара барысында Мүсір Иманқұлұлы тұрған Орал қаласындағы Т.Масин көшесі №53 үйдің маңдайшасына ескерткіш тақта орнатылды. Онда әріптестері, замандастары Мүсір ағамыздың адамгершілік, іскерлік, ұйымдастыруышылық қасиеттеріне тоқталды. Соның арқасында өмірде көптеген жетістікке жеткенін, ол жетекшілік еткен шаруашылықтар көш бастағанын айтты. Белгілі жазушы Михаил Шолоховпен арадағы достығы туралы да кеңінен баяндады.
Жергілікті атқарушы билік өкілдері еліміздің өркендеуіне көп тер төккен Мүсір Айтсов секілді аға буынның өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Сол себепті оқу орындарында еңбек ардагерлері туралы танымдық іс-шаралар ұйымдастырған абзал.
«Дархан даланың дарабозы» кітабында Мүсір Айтсовтың достарының, әріптестерінің естеліктері топтастырылған.
Жұбан МҰРАТ