Оралда еңбек ардагерлері ұмытылмайды іс-шарасы өтті

Таяуда Орал қаласында қоғам қайраткері, КСРО-ның еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері Мүсір Айтсовты еске алуға арналған іс-шара өтті. Еске алу кешінің соңы «Дархан даланың дарабозы» кітабінің тұсаукесеріне ұласты.

Оралда еңбек ардагерлері ұмытылмайды іс-шарасы өтті
Фото: Жұбан МҰРАТ

Іс-шара барысында Мүсір Иманқұлұлы тұрған Орал қаласындағы Т.Масин көшесі №53 үйдің маңдайшасына ескерткіш тақта орнатылды. Онда әріптестері, замандастары Мүсір ағамыздың адамгершілік, іскерлік, ұйымдастыруышылық қасиеттеріне тоқталды. Соның арқасында өмірде көптеген жетістікке жеткенін, ол жетекшілік еткен шаруашылықтар көш бастағанын айтты. Белгілі жазушы Михаил Шолоховпен арадағы достығы туралы да кеңінен баяндады.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері еліміздің өркендеуіне көп тер төккен Мүсір Айтсов секілді аға буынның өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Сол себепті оқу орындарында еңбек ардагерлері туралы танымдық іс-шаралар ұйымдастырған абзал.

«Дархан даланың дарабозы» кітабында Мүсір Айтсовтың достарының, әріптестерінің естеліктері топтастырылған.

Жұбан МҰРАТ