Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Қас-қабағын кесіп, қолына ұстатқан": Журналист күйеулерінен таяқ жейтін әйелдердің проблемасын көтерді

Осы орайда ол өзіне өтініш айтқан әйелдің хатын жариялады.

"Қас-қабағын кесіп, қолына ұстатқан": Журналист күйеулерінен таяқ жейтін әйелдердің проблемасын көтерді
фото: дереккөз

Белгілі тележурналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне күйеуінен өлімші болып таяқ жейтін әйелдердің жиі жүгінетінін жазып, көзі көгеріп, денесі көкала қойдай болған бір топ әйелдің фотоларын жариялады деп хабарлайды Paryz.kz.  

Бізде заң бар ма жоқ па әлде? Директ ашсам, 3-4 күннен бері күйеуінен өлімші болып таяқ жеген әйелдер жиналып қапты. Не деген қатыгездік, не деген айуандық?! Таяқ жеген келіншектердің алды 20-дан асса, соңы 45-те, бәрінде бір өмір. 

Бірінші фотодағы Саида Астанада Мәңгілік Ел көшесінде тұрады, күйеуі бір қас, қабағын кесіп қолына ұстатқан. Полиция отбасылық кикілжің деп жібере салған.

Келесі фотодағы Жанардың күйеуі паспортының мерзімі өтіп кеткен Түркіменстан азаматы. Алайда, тайраңдап қазақ қызын қос көзі жұмылғанша ұрып, аяқ қабырғасын сындырып жүрген мигрантқа @zhambyl_police еш шарасыз?

Одан кейінгі Шымкенттік Мейрамкүлдің халі тіптен ауыр. Басын күрекпен ұрып жарған өзге емес өз күйеуі. Өлімші күйде бетінен қан сорғалап, қос баласын құшақтап қашқан қайран әйелге @police_shymkent көмектессе қане? Мейрамкүлдің күйеуі медиатор, заңгер, оқиға күйеуінің жұмысында орын алған, - деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист қалған әйелдерге де пышақ тақаған бөтен емес, заңды некедегі күйеулері екенін еске салды. 

Ең өкініштісі, бұл сұмдықтардың бәрі шырылдаған шиеттей балалардың көзінше болды. Ол балалардың құқы қайда, олардан көңіл-күйің қалай, қорқып қалған жоқсың ба деп сұрап жатқан бір адам жоқ?

@bilim_jane_gylym сонда топырлаған бала құқын қорғайтын ұйымдар қайда?

Тоқаев Ана мен Бала құқы бірінші кезекте деп ұрандатады, Тұрғымбаев болса қауіпсіздік деп жар салады, бәрі бекер.

Егер, мына әйелдерге көршісі я бөтен азамат қол тигізсе жауапқа тартылады, ал неге күйеулерге заң жоқ?!

Әйелдердің бәрі қазақ, күйеулері де. Қазаққа жау алыстан емес үйден келетін болды, қандай тосқауыл бар?

Ата-анасының қан жоса төбелесін көріп өскен ауру, қорқақ, ызалы, өшпенді, психологиялық жаралы ұрпақ бізге қажет пе? Мүгедек әйелдердің де қажеті жоқ! - дейді Гүлмира Әбіқай.

Осы орайда ол өзіне өтініш айтқан әйелдің хатын жариялады.

Сәлеметсіз бе, Гүлмира ханым.

Осыдан 5 жыл бұрын әпкем тұрмысқа шыққан. Сол кезден бастап жездем әпкеме күн көрсетпей келеді, алдыңғы қыста әпкемді ұрып, көзін шығарған, қабағын қасымен бірге пышақпен кесіп, күн суықта далаға баласымен қуып жіберген.

Әп-әдемі қыз еді, қазір түрін көріп, танымаймыз. Екі көзі екі түрлі болы,п бет-аузы шрам-шрам, жағы қисайған. Әпкеме көмектесіңізші, өтініш, - делінген хатта.