Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Астаналық әйел 2 баласын бұрынғы күйеуінен қайтара алмай жүр

Психологтың пайымынша, балаларға үнемі қысым жасалып келеді.

Астаналық әйел 2 баласын бұрынғы күйеуінен қайтара алмай жүр
Фото: love-is.org

Елорданың сот орындаушылары екі баланы әкесінен анасына тапсыруға қатысты істе күрделі жағдайға тап болды, деп хабарлады paryz.kz.

Белгілі болғандай, бір жылдан астам уақыт бойы әйел адам бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы екі баласын қайтарға қауқарсыз болып жүр. Аталған әйел балаларын өзі тәрбиелегісі келеді, алайда, бұрынғы күйеуі балаларын аналарына беруден жалтаруда.

"Соңғы үш жыл бойы балалар әкесімен бірге тұрған. Алайда, соттың соңғы шешімі бойынша жеткіншектердің тұрғылықты жері өзгертіліп, енді олар анасымен бірге тұруы керек. Балалардың әкесі бұл шешіммен келіспей, бір пәтерден екіншісіне көшу арқылы сот орындаушыларынан барынша жасырынып жүрді. Қазіргі кезде ер адам іздеуде емес, өйткені, психологтың бағалауы арқылы олардың барлығымен келіссөз жүргізілуде. Психологтың пайымынша, балаларға үнемі қысым жасалып келеді", - деді Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік жеке сот орындаушыларының палатасы жетекшісінің орынбасары Мәдина Жанасаева.

Бүгін сот орындаушылары кезекті рет балаларды анасына тапсыруға талпынып көрді, алайда, бұл әрекеттері сәтсіз болды.