Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Арон Атабектің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

Омбудсмен бұрынғы тұтқынның қазіргі жағдайынан бейхабар екенін мойындады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Арон Атабектің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады
фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова 15 жылдан кейін бостандыққа шыққан Арон Атабектің жағдайына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Paryz.kzSputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

БАҚ ақпаратынша, Арон Атабек қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Омбудсмен бұрынғы тұтқынның қазіргі жағдайынан бейхабар екенін мойындады.

Мен оның жансақтау бөлімінде жатқанын білмеймін, бірақ бейресми дереккөздерден оның сол жақта екенін естідім. Алайда нақты айта алмаймын, дәрігерлік құпия деген бар. Өздеріңізге мәлім, ол түрмеден денсаулығына байланысты босатылған еді, - деді Әзімова Мәжіліс кулуарында.